Текст
«Тасты-Талды ауылының жалпы орта білім беретін орта мектебі» КММ де әр апта сайын директордың бекітуімен оқушылардың тамақтану кестесі мен ағымдық және алдағы тамақ мәзірі дайындалады. Мектеп бойынша жалпы 15 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған. Тамақ мәзірі мен асхана санитарлық нормаларға сай келеді. Мектеп медбикесі күнделікті тамақ мәзірін байқап көреді және тамақтың сынамасы сақталады.